Тауар сертификаттары.
Жеткізілетін барлық тауардың сертификаттары бар. Таңдалған тауарлардың құжаттарын жинақ құрамын келісу кезінде сұратуға болады.
AXIS информатика, бейнелеу өнері мен шығармашылық, тіл кабинеттерін, тігін және еңбек шеберханаларын, қыш студияларын жобалап, жабдықтайды. Мектептің міндеті мен бюджетіне сай жабдық пен жиһаз таңдап, жеткізуді, орнатуды және іске қосуды ұйымдастырамыз.

РФМШ үшін ағаш жұмыс үстелін жасап, жеткіздік. Кең үстел беті, материалдарға арналған төменгі сөре және доңғалақтар бір құрылымға біріктірілген.
Еңбек шеберханасын жабдықтау




Әр бағыт үшін оқу міндеттерін, бөлменің өлшемін және оқушылар санын ескеріп, жинақ құрамын таңдаймыз. Кабинет беттерінен жабдықтардың негізгі топтары мен № 70 бұйрық бойынша тізімді көруге болады.
Қысқа тексеру тізімін дайындадық: бөлме мен оқу міндеттері туралы қандай мәліметтер кабинет құрамын талқылауға және есеп дайындауға көмектеседі.
Сіз бағытты, оқушылар санын және жабдықты таңдап, тізімді жүктеп аласыз да, қаласаңыз, оны бізбен WhatsApp арқылы талқылайсыз. Біз бөлме мен талаптарды зерделеп, жабдық пен жиһаз құрамын жинақтаймыз, сипаттамаларды келісеміз, содан кейін жеткізуді, орнатуды және бастапқы баптауды үйлестіреміз.
AXIS экожүйесінде жиһаз бағыты, Ranzen дүкені және жобалық команда бар. Жиһазды бөлме жоспары мен оқу міндеттеріне бейімдейміз, мектеп пен шығармашылыққа арналған материалдарды таңдауға көмектесеміз, кеңістікті жабдықтауды, жеткізуді, орнатуды және іске қосуды үйлестіреміз.
Жабдықты оқушылар санына, бөлмеге және қолжетімді бюджетке сай таңдаймыз. 3D тұжырымдамаларда орналастыруды талқылап, сипаттізімде модельдер мен санын келісуге болады. Қолда бар жиһазды сақтап немесе қалпына келтіріп, жаңа техникамен толықтыруға болады.
Әр тауарға кепілдік
Әр тауарға 12 ай кепілдік береміз. Ақау болса, AXIS-ке хабарласыңыз: тауардың жай-күйін тексеріп, себебін анықтаймыз. Өндірістік ақау расталған жағдайда кепілдік мерзімі ішінде сервистік орталыққа беруді, жөндеуді немесе ауыстыруды ұйымдастырамыз.
+7 706 667 75 75Жеткізілетін барлық тауардың сертификаттары бар. Таңдалған тауарлардың құжаттарын жинақ құрамын келісу кезінде сұратуға болады.
AXIS-тен жабдықтауға тапсырыс бергенде жоспарлау, дизайн, жеткізу және орнату жұмыстарын тегін орындаймыз. Жұмыс құрамы мен мерзімдерін тапсырысқа дейін ұсыныста бекітеміз.
Міндет бар.
Кеңістік қажет.